«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына ең ауқымды және қымбат жұмыстар кіреді. Мәселен:
- аумақты көгалдандыру;
- тротуарларды жайластыру;
- тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
- жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, гүлзарлар, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де нысандар) құру, жөндеу және жарықтандыру;
- жиектерді, төсеніштерді, тіреулерді жөндеу;
- балалар ойындарына және жалпы пайдалану орындарында ересек тұрғындардың демалуына арналған орындар, орындықтар, жәшіктер, жабдықтар мен конструкцияларды орнату және жөндеу;
- аула аумақтарында және жалпы пайдалану орындарында спорттық (тренажер алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
- санитарияны қамтамасыз ету.
Кәмелет жасына толған Астана тұрғындары өз жобаларын әкімдікке ұсына алады. Өтінімдерді қабылдау 1 наурызға дейін Алматы, Есіл, Сарыарқа және Байқоңыр аудандары әкімі аппараттарының ресми сайттарында жалғасады.
Егер жобалық ұсынысты дауыс беру процесінде басқа тұрғындар қолдаса, оны биыл қалалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру ұсынылады.
Сараптамалық кеңес шешімінің нәтижелері әкімдіктердің интернет-ресурстарында жарияланатын болады.