Айта кетейік, Мемлекеттік кірістер комитеті 28 қаңтардан бастап 3 ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан пиязды әкетуге тыйым салған еді.
Қазіргі уақытта пиязды жөнелтушілерге қайтару немесе оны Қазақстанның басқада облыстарына сату туралы мәселе шешіліп жатыр.
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы заңының 7-5-бабына сәйкес, тауарларды әкетуге тыйым салудың сақталуына Мемлекеттік кірістер органдарымен бақылау жүзеге асырады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында мынадай тауарларды әкетуге тыйым салынған:
- Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары (2022 жылғы 2 қарашадан 2023 жылғы 1 мамырға дейін жарамды);
- Ағаш материалдарының жекелеген түрлері (2022 жылғы 9 желтоқсаннан 2023 жылғы 8 маусымға дейін жарамды);
- Автомобиль көлігімен бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері (2023 жылғы 1 ақпаннан 2023 жылғы 31 шілдеге дейін жарамды);
- Тірі ірі қара, қой және ешкі (2022 жылдың 3 қыркүйегінен 2023 жылдың 2 наурызына дейін жарамды);
- Автомобиль көлігімен тас көмірдің жекелеген түрлері (2022 жылғы 26 қыркүйектен 2023 жылғы 25 наурызға дейін).
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ