Қазақстан • 02 Ақпан, 2023

Латвия мен Қазақстан арасында жүк тасымалы артты

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Латвиядағы елшілігінде Латвия Байланыс министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары, Қазақстан-Латвия көлік жөніндегі жұмыс тобының басшысы Улдис Рейманиспен кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Латвия мен Қазақстан арасында жүк тасымалы артты

Кездесуге сондай-ақ Байланыс министрлігінің Халықаралық департаментінің директоры Элина Луце және Қазақстандағы Латвия елшілігінің көлік жөніндегі жаңа атташесі Калвис Витолиньш қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Латвия арасындағы экономикалық қатынастардың негізі болып табылатын транзит-көліктік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылады. Сұхбаттастар 2022 жылы елдер арасындағы жүк тасымалы 2021 жылмен салыстырғанда төрт еседен астам өскенін қанағаттанушылықпен атап өтті. Қазақстандық көмір, мырыш және мұнай өнімдерінің транзитінде орасан зор өсім байқалды.

Кездесу соңында қазіргі геоэкономикалық ахуал контексінде екіжақты транзит-көліктік қатынастарда қол жеткізілген нәтижелерді және жалпы оң динамикасын сақтау маңыздылығы атап өтілді.