Үкімет • 02 Ақпан, 2023

Үкімет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасымен кездесті

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда ЕҮАК отырысы қарсаңында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасымен кездесті

Тараптар ЕАЭО аясында кедергілерді жою, бұрын қабылданған стратегиялық құжаттарды іске асыруға ғылыми негізді күшейту, сондай-ақ Сауда және техникалық реттеу блоктары жөніндегі комиссия жұмысының мәселелерін талқылады.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, Қазақстан ЕАЭО қызметі тек экономикалық бағытта болуы тиіс деген ұстанымды басшылыққа алады.

«Барлық шешімдер экономикалық прагматизмге негізделуі керек»,  деді Премьер-министр.

Өз кезегінде Михаил Мясникович Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң көрсеткіштері ЕАЭО елдерімен өзара сауданы одан әрі кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасайтынын атап өтті.