Егемен Қазақстан • 02 Ақпан, 2023

«Егеменде» тәжірибе алмасты

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 2 ақпанда «Ақмола-Тіршілік» ЖШС директоры мен қызметкерлері «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің қызметкерлерімен кездесіп, тәжірибе алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Егеменде» тәжірибе алмасты

«Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің редакциясына «Ақмола-Тіршілік» ЖШС директоры, жазушы, журналист, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев, «Акмолинская правда» облыстық газетінің бас редакторы Владислава Кокорина, «Арқа ажары» облыстық газетінің жауапты хатшысы Асылай Айжарықова мен газет тілшісі Камила Әбділманова келіп, бас басылымның ұжымы мен жұмысымен танысты.

Бас басылымның бас редакторы Ғабит Мүсіреп «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерінің ғасырлық тарихына тоқталып, бүгінде бір шаңырақ астында бірлесе жұмыс істеп жатқан шығармашылық ұжымдардың жұмысы жайлы әңгімеледі. Ал «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы Сәбит Малдыбайдың айтуынша, қаңтар оқиғасы сияқты күрделі кезеңде мерзімді басылымдар ең сенімді ақпарат көзіне айналды, сондықтан газет сапасы мен мазмұны үнемі жоғары деңгейде болуы қажет. 

рш

Кездесу барысында қонақтар «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» редакциясының әр бөлімін аралап, шығармашылық ұжымның жұмыс барысын, газет шығару процесін бақылады. 

Қазақстан баспасөзінің бүгінгі жағдайына тоқтала кеткен Жабал Ерғалиев бүгінде журналистика саласына дарынды жастар мен білікті мамандардың көптеп келуі қуантатынын айтты. Ал республикалық газеттер олардың қаламдарын қарымды етіп, тәжірибелерін шыңдауға мүмкіндік береді. Бүгінде «Арқа ажары» мен «Акмолинская правда» газеттерін бір шаңырақ астында біріктіріп отырған «Ақмола-Тіршілік» серіктестігі де жас мамандарды журналистика саласына тартып келеді.

ено