18 Маусым, 2014

Кең ауқымды ынтымақтастық жалғасады

312 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АҚШ Президентінің арнайы көмекшісі – АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей және Орталық Азия жөніндегі аға директоры Селестэ Уолландермен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Кездесу барысында са­я­­си және сауда-эко­но­­ми­­калық са­лалардағы Қазақ­­стан мен АҚШ ара­сын­дағы ынты­мақ­тас­тық­тың қазіргі жағ­дайы мен бо­лашағы талқы­ланды. Та­рап­тар өңірдегі ел­дердің қау­іпсіздігі мен жал­пы та­ратпаудың жаһан­дық жүйесін барынша нығай­та­тын, үстіміздегі жылғы 6 мамырда Нью-Йоркте қол қойылған «ядролық бес­тік» елдерінің Орталық Азия­дағы яд­ролық қарудан азат ай­маққа мүше елдер­ге кері ке­пі­лі туралы Хат­та­маның тезі­рек күшіне ену маңызын атап өтті. Сұхбаттасушылар, сон­дай-ақ, Стратегиялық әріп­­тестік жөніндегі комис­сия мен Энергетика саласын­дағы әріптестік жөніндегі бір­лескен комиссия сияқ­ты Қазақстан-Америка ын­ты­­мақ­тастығының даму құры­лымдарының табысты жұмыстарын атап өтті. Сауда-экономикалық жә­не инвестициялық ынты­мақ­тастық екі ел арасын­дағы стратегиялық әріптес­тіктің маңызды элемен­ті болып табылады. Б.Оба­маның көмекшісі Бура­байда өткен Қазақстан Пре­зиденті жанындағы Шетел инвес­торлары кеңесінің 27-ші отырысында Президент Н.Назарбаев жариялаған инвес­тициялық ахуалды жақ­сарту бойынша шара­лар пакеті туралы ақпа­рат­ты қызығушылықпен қабыл­дады. С.Уолландер Б.Обама Әкімшілігі АҚШ-тың іскер топтары инвестициялық тұр­­ғыдан да, ЭКСПО-2017 сияқ­­ты жобаларға қатысу үшін де Қазақстанмен ын­ты­­мақтастық бойынша ты­ғыз жұмыс жасайтынын қуаттады. Сұхбаттастар арасында халықаралық саясат пен өңірлік қауіпсіздіктің, оның ішінде Украинадағы жағ­­дай, халықаралық коа­лиция әскерлерін Ауғанстан­нан шығарған кезде тұ­рақ­­тылықты сақтап қалу сияқ­­ты өзекті мәселелер бой­ын­­ша пікір алмасу өтті. АҚШ Әкімшілігі атынан С.Уол­ландер Қазақстан мен оның бас­шысына шиеленіскен өңір­лік және жаһандық мәсе­лелерді шешудегі оң рөлі үшін алғысын білдірді. Тараптар Қазақстан-Аме­рика әріптестігінің барлық бағыттарын нығайту және кеңейту жұмыстарын одан әрі жалғастыра беруге ке­лісті.