Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген «Паралимпиадашы» фильмі Мумбайда (Үндістан) өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының кинофестивалінде жоғары марапатқа ие болды.

Режиссер Алдияр Байрақымовтың бұл кинотуындысында басты рөлді сомдаған Асқар Ілиясов «Үздік ер адам рөлі» сыйлығын жеңіп алды. Фестивальге 14 елден барлығы 57 фильм ұсынылған. Өнер додасына отандық делегацияны Димаш Құдайберген бастап барды.
Бұл аталған кинокартинаның алғашқы марапаты емес – өткен жылы ол Ресейде өткен кинофестивальдерде екі мәрте гран-приді иеленді.
Фильм қазақстандық паралимпиадашылардың өміріндегі нақты оқиғаларға негізделген. 2018 жылы Пхенчханда жеңіске жеткен Қазақстандағы алғашқы қысқы Паралимпиада чемпионы Александр Колядиннің жеңіске жету жолын баяндайды.
«Мен бүгін бақыттымын. Бұл – менің алғашқы сыйлығым. Біз үлкен еңбек жасап, бүкіл жанымызды салдық. Басты мақсатымыз – паралимпиадашылар туралы айту, олардың жеңістерінің артында қандай ерік-жігер, күш пен ұмтылыс тұрғанын көрсету. Бұл туынды мемлекеттік қолдаудың арқасында жарыққа шыққанына қуаныштымын», деді актер Асқар Ілиясов.
Сонымен қатар кинофестивальде отандық «Ұлы дала таңы», «Мұқағали», «Мама, мен тірімін!» «Адемоканы оқыту» және «Ыстықкөл» фильмдері көрсетілді.
Қырғызстанда топырақ көшкіні жүріп, тұрғындар эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 14:01
ЕҰУ әлемдік рейтингте едәуір ілгеріледі
Білім • Бүгін, 13:32
Малайзияда Қазақстан теннисшілері жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 13:13
Биыл елімізде 18 мың пәтер пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 12:30
Александр Бублик Майами мастерс турнирінде жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 12:12
Үндістанда пиротехника фабрикасындағы жарылыстан 8 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 12:02
Ұқсас жаңалықтар