Тағайындау • 03 Ақпан, 2023

Маңғыстау облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды

764 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 3 ақпанда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев облыс активіне екі бірдей жаңа орынбасарын таныстырды. Бірі - Қанат Құлжанов, екіншісі - Руслан Бектемір, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды

Қанат Құлжанов Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ технологиялық көлік басқармасының слесарі қызметінен бастаған. Ұзақ жылдар прокуратура саласында түрлі қызметтерді атқарған.

Ал, Руслан Бектемір Қ.Жұбанова атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, БҚ инженерлік-гуманитарлық университетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. «Қаржы», «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша бакалавриат бітірген, мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі.

«Мемлекеттік аудитор» және «жоғары санатты мемлекеттік аудитор» сертификаттарының иесі. Руслан Бектемірдің мемлекеттік қызметте және жеке секторда 24 жылдық еңбек өтілі бар. 2021 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Маңғыстау атом-энергетикалық комбинаты» ЖШС Бас директорының орынбасары болып еңбек етті.

Нұрлан Ноғаев жаңа орынбасарларына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.