Қазақстан • 03 Ақпан, 2023

Ақылбек Жапаров: Жасанды интеллектте қазақ және қырғыз тілдері жоқ

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров Алматыда өткен Digital Almaty цифрлық форумында заманауи компьютерлік технологиялардың артықшылықтарына тоқталып, оның ішінде ең маңыздысы ретінде екі саланы – криптовалюта мен жасанды интеллект туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.

Ақылбек Жапаров: Жасанды интеллектте қазақ және қырғыз тілдері жоқ

«Бизнес мектептерінде үміткерлер ChatGPT онлайн сұхбаттан өтіп, жұмысқа орналасады. 10 жыл бұрын қиял-ғажайып болған құбылыстар бүгінде шындыққа айналды», деді  А.Жапаров.

Ол сондай-ақ Алиса немесе Сири сияқты жасанды интеллект қызметтерінде қазақ және қырғыз тілдерінің жоқтығына назар аударды.  

«Цифрлық әлемге енбейтін тілдер - жазуға түспеген тілдердің тағдырына тап болады», деп атап өтті Қырғыз Республикасы Үкіметінің басшысы.