Тағайындау • 03 Ақпан, 2023

Батыс Қазақстан облысының бас имамы тағайындалды

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Батыс Қазақстан облысының және Орал орталық мешітінің бас имамы болып Самат Әлібаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстан облысының бас имамы тағайындалды

Қызметке жаңадан тағайындалған облыс бас имамын ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы жамағатқа ресми түрде таныстырды.

Ал бұған дейін Батыс Қазақстан облысының бас имамы болып екі жылға жуық абыройлы қызмет атқарған Бақытжан Құралбайұлының иығына қазақи дәстүрмен шапан жабылып, құрмет көрсетілді.