Емханаға келуші әрбір адам медицина саласындағы қызметкердің дұрыс қабылдауын қашанда қажетсінеді әрі оған қойылатын этикалық талап барынша сәйкес болуы керек. Бұл туралы үнемі айтылып, жазылып келеді. Өз кезегінде сала маманы тиісті білімімен қатар қарым-қатынастың жақсы дағдыларын меңгерген, азаматтарға шынайы көмектесуді жан-тәнімен қалайтын жан болуы да жөн.
Қостанай қалалық «№4 емхана» МКК-нің негізі жаңа мекеме ретінде 2011 жылғы наурыз айында қаланды. Алғашқы деңгейдегі ұйымдардың қызметін реттейтін Денсаулық сақтау министрлігінің бағдарламалық құжаты арқауында аккредиттеу ұйымдары қалыптаса бастады. Бұл үрдіс біздің мекеменің қызметіне оң ықпалын тигізді.
Соның нәтижесінде стандарттардың сақталуы ғана емес, мамандардың білім-білігінің жетілдірілуі де басты назарға алынды. Дайындықтың алғашқы деңгейінде арнайы жұмыс тобы қажетті стандарт түрін зерттеп зерделейді. Осы орайда, біз Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының ақпараттық материалдарын пайдалана отырып, басқа мекемелердің де тәжірибесін жіті қарастырдық. Ұйымдағы әр қызметкердің пікірі тыңдалып, атқарылатын жұмыс түгелдей нақты тәжірибеге негізделді. Сонымен бірге, ұжымның әр мүшесіне аккредиттеудің мән-маңызы түсіндірілді.
Дайындық барысында 246 стандартты операциялық үрдіс құрылып, комиссиялар жұмысы (мәселен, этикалық) дами бастады. Қызмет барысында орын алған келеңсіздіктерді болдырмау мақсатында этикалық комиссия пәрменді шара қолданады. Сөйтіп, стандартты операциялық үрдіс ұйымдастырушылық жұмыстардың жақсаруына септігін тигізді. Мекемеде психологиялық көмек көрсету ісі жандандырылды. Сәйкесінше жеңілдету бөлмелері ашылды. Мұнда қызметкерлер психолог мамандармен пікірлесіп, кездесіп қалатын қиындықтарымен бөлісті. Тиімді қолдау арқасында жағдайлары айтарлықтай жақсарып, қызметтеріне тың күшпен кірісті.
Біздің емхана көрсетілетін қызмет сапасының көптің көңілінен шығуын үнемі назарда ұстайды. Сондықтан 2013 жылы акушерлік іс, гинекология және педиатрия бағыттарына маманданған екі бірдей сарапшы жұмысқа алынды.
Дайындық барысында пациенттердің құқы жөніндегі стендтер, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құжаттар бойынша ақпараттық парақшалар жасалды. Қазіргі таңда Қостанай облысындағы ең ірі медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін мекеме ретінде біздің емханада 71 мыңнан астам азамат тіркелген. Мұнда оларға жан-жақты көмек көрсетіледі.
Ал жоғарыда аталған дайындық жұмыстары көбінесе жұмыстан тыс уақытта жүргізілді. Еңбегіміз жанып аккредиттеу комиссиясының жоғары бағасына қол жеткіздік. Бұған ұйымшылдығымыз да ықпал етті. Ортақ істі бірлесіп атқару мерейімізді өсіріп, ынтымағы жарасқан ұжымға айналдырды. Жаңа стандартты операциялық үрдістер құрылып, алға қойған жоспарлар ойдағыдай орындалды. Былтыр мекемеге «2013 жылдың салалық топбастаушы» ұлттық сертификаты табысталды. Бұл марапат мамандарымызды қанаттандырып, алдағы кезде де талай белеске бастайтыны сөзсіз. Иә, іске деген жаңаша көзқарас жалғаса бермек.
Маргарита БИСЕНОВА,
Қостанай қалалық
«№4 емхана» МКК бас дәрігері.

«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18
Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі
Президент • Бүгін, 13:10
Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Оқиға • Бүгін, 12:45
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:44
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:35