Аймақтар • 04 Ақпан, 2023

Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды

240 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды, оның 50-і Армениядан, 457-сі Ресейден, екеуі Грузиядан, біреуі Моңғолиядан әкелінді. Бұл туралы соңғы брифингте Ақмола облысы ІІД Процессинг орталығының басшысы Аслан Бұқанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды

«Өздеріңізге белгілі, биылғы жылдың 23 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды. Заңдастырудың бірінші күнінде біз біраз қиындықтарға тап болдық. Техникалық себептерге байланысты өтінімдерден бас тартулар көп болды, мысалы, өтініш берген кезде автокөліктің VIN коды кириллицамен енгізілді, ол латынша жазылуы керек еді», деді спикер. 

Осындай техникалық ақауларға қарамастан облыста 10 күнде 510 көлік заңдастырылды, оның 50-і Армения Республикасынан, 457-сі Ресей Федерациясынан, екеуі Грузиядан, біреуі Моңғолиядан әкелінген.

«Әрине, көлікті тексеру біраз уақытты талап етеді, кейбір азаматтар тарапынан наразылық туындады. Бірақ бастысы - сапа. Жағдайды елестетіп көріңіз: біз көлікті заңдастырамыз, ал біраз уақыттан кейін иесі оны Ресей Федерациясына апарады, ал бұл көлік сол жерде іздеуде болғанына байланысты тәркіленеді, бұл жерде қылмыстық көлікті заңдастыруға мемлекет міндетті түрде кінәлі болады. Сондықтан қазір біздің міндетіміз іздеуде болуы мүмкін немесе қандай да бір шектеулері бар көліктерді шет мемлекетке тіркеуге жол бермеу», деп түсіндірді А.Буқанов.

Оның айтуынша, біріншіден құжаттар сканерден өтеді, құжаттар пысықталады, кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне түзету және мәліметтер базасына жүктеу үшін жіберіледі. Әрі қарай, көлік иелері келесі күні екінші өтініш беріп, автокөлікті сәтті тіркейді. Мәселен, кеше Ресей Федерациясынан әкелінген 50, Армениядан әкелінген 11 автокөлік заңдастырылды.