Спорт • 05 Ақпан, 2023

Алғашқы күні – екі қола

729 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Францияның бас шаһа­ры – Парижде өтіп жатқан Гранд-Слэм турнирінде Қазақстан құрама командасының қоржынына екі жүлде түсті.

Алғашқы күні – екі қола

Бұл жолы да Әбиба Әбужақынова өз жанкүйерлерін қуантты. Аса жеңіл салмақта өнер көрсеткен қазақ қызы алғашқы айналымда бос болды. Одан кейін франциялық Мелани Вьены ұтқанымен, ширек финалда испаниялық Лапуерта Комасқа есе жіберді. Жұбаныш белдесуде жапониялық Рина Татсукаваны тізе бүктірген Әбужақынова шешуші тұста Оңтүстік Кореяның өкілі Ли-Хе-Кенгті қапы қалдырып, қола ме­дальді мойнына ілді. Осылайша, Әбиба биылғы жылдың өзінде екі бірдей аса ірі халықаралық турнирден олжалы оралды. Күні кеше ғана ол Португалиядағы Гран-при сайысында алтыннан алқа таққан болатын. Ал былтыр Азия және әлем чемпионаттарында жүлдегерлер қатарына қосылды.

Көп кешікпей 73 кило салмақтағы Данияр Шамшаевтың дәл сол межеден кө­рін­гені жайында қуанышты хабар жетті. Қола медаль үшін тартыста ол канадалық Артур Маргелидоннан басым түсті.

Соңғы жаңалықтар