Қазақстан • 06 Ақпан, 2023

«Қазгидромет» су тасқыны бойынша алдын ала болжам жасады

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның жазықтағы өзендерінде көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеулердің деректеріне сәйкес жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» су тасқыны бойынша алдын ала болжам жасады

Су тасқыны бойынша негізгі болжам 2023 жылдың наурыз айында жасалады. 

Ақпан айында температуралық фон жоғарылап, қатты жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде еріген қар және жаңбыр суының ауқымды тасқыны болуы мүмкін.

Алайда қыс жалғасып жатыр және соған сәйкес қардың жинақталу кезеңі де жалғасады.

Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында топырақтың қату тереңдігі өткен жылғы көрсеткіштерден орта есеппен 3 см-ден 84 см-ге дейін артық. Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда орта есеппен 7 см-ден 40 см-ге дейін кем.

Қазақстанның жазықтағы өзендері бассейнінде жиналған қар жамылғысындағы судың қоры айтарлықтай әркелкілігімен сипатталады. Нақтырақ айтсақ, ол Ақмола, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында орташа көпжылдық мәннен төмен, ал Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында орташа көпжылдық мәннің шегінде.

Консультативтік синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес, 2023 жылдың ақпан айында ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы нормаға жуық, ал республиканың оңтүстік және шығыс өңірлерінде негізінен жылы және жауын-шашынды болады деп болжанған.