Қазақстан • 07 Ақпан, 2023

Қазақстанның құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматыдан жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды

Алдын ала мәлімет бойынша борт Газиантеп қаласына барады.

Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.

ж

ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.

ж

Топ қажетті жабдықтармен де, құтқару жұмыстарын жүргізуде көп жылдық тәжірибесі бар құтқарушылармен де жабдықталған.

Бұған дейін Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі болғаны хабарланған еді.

Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісіне байланысты Түркияда жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.