Үкімет • 07 Ақпан, 2023

Бюджет қаржысына салынған үйлерге тексеріс жүргізіледі

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлерді абаттандыру мәселесін қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бюджет қаржысына салынған үйлерге тексеріс жүргізіледі

Үкіметтің кезекті отырысында ол министрлерге мемлекет қомақты қаражат бөлетін үйлердің суреттерін көрсетті.

«Мен мұндай үйлер салынған өңірлердің атын атамаймын. Бірақ бір нәрсені нақты айта аламын, барлық жерде жағдай осындай. Балалар ойнайтын алаңдарға, абаттандыруға, жолдарға қараңыздар. Бұл қалыпты жағдай деп ойлайсыздар ма? Жергілікті әкімдер бюджет қаражатына салынған үйлерге тексеру жүргізіп, барлық кемшіліктерді жоюға тиіс. Мұны тез арада жасау керек. Құрылыс пен абаттандырудың сапасын бақылау қажет», деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Үкімет басшысы ТКШ саласында жедел және сапалы шешімді талап ететін көптеген мәселелер туындағанын сөз етті. Премьер-министр атап өткендей, абаттандыру мәселесі тек өңірлерде ғана емес, республикалық маңызы бар қалаларда да өзекті болып отыр.