Қоғам • 07 Ақпан, 2023

Жеңілдетілген автонесиеде қандай шектеулер бар?

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров 7 ақпанда Министрлер кабинетінің отырысында автонесиелеу бағдарламасындағы шектеулерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңілдетілген автонесиеде қандай шектеулер бар?

Ринат Ғаппаров Қазақстан азаматтарына пилоттық платформа іске қосылғанға дейін бес күн бұрын алдын-ала ескертілгенін, 7,6 млрд теңге жинақталғанын және несиенің ең көп сомасы - 10 млн теңгеге тек 761 орын болатынын айтқан.

«Біз өтінім берген барлық адамдарға автонесиеге ақша бөле алмайтынымызды алдын ала ескерттік. Шекті 761 адам тіркелді. Содан кейін жүйеде техникалық ақаулар орын алды. Жалпы бір уақытта қолданушылардың саны миллион адамға дейін жетеді деп ойламаған едік. Біз қателіктерді түзетеміз. Платформаны үнемі жақсартып отыратын боламыз. Бұл бағдарлама 30 жыл бойы жұмыс істейді, оның ішінде несиелер 25 жылға беріледі және соңғы 5 жыл тек қарызды өтеу үшін пайдаланылады», деді Ринат Ғаппаров

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау 6 ақпанда сағат 10:00-де басталған. 18 секунд ішінде 761 адам тіркеліп үлгергенін еске сала кетейік.

 

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті