Елорда • 07 Ақпан, 2023

Елордадан үш млн текше метрге жуық қар шығарылды

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда көшелерін қар мен мұздан тазарту бойынша тәулік бойы жұмыс жүргізіліп жатыр. Қаланың коммуналдық қызметтері барлық төрт ауданда екі ауысымды режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордадан үш млн текше метрге жуық қар шығарылды

7 ақпанға қараған түні қаладан 9,4 мың текше метр қар күреліп, қала сыртындағы полигондарға шығарылды.

Бүгін таңертең қар күреу жұмысына 2,1 мың жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

р

Жалпы, қыс мезгілі басталғалы бері бас шаһардан 3 млн текше метрге жуық қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 236 мыңнан астам рейс жасалды.

Жұмысшылар қала бойынша құм-тұз қоспасын себу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айта кету керек. Арнайы қоспа қала тұрғындарының емін-еркін жүруі үшін көшелерге, жолдарға, тротуарларға және адам көп жиналатын орындарға себіледі.

пилд

р