Қоғам • 07 Ақпан, 2023

«Тальго» пойыздарының вагондарында өрт оқиғалары жиілеген

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Тальго» жолаушылар пойыздарына профилактикалық және бақылау тексерулері күшейтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тальго» пойыздарының вагондарында өрт оқиғалары жиілеген

Наурыз айынан жолаушылар пойыздарына тексеру жұмыстарын жүргізу жылжымалы құрам жасақталатын пункттерден басталады.  

«Кейінгі 3 жылда жолаушылар тасымалдайтын Patentes Talgo S.L. жүрдек пойыздарында техникалық вагондардың өртенуіне қатысты 3 жағдай тіркелді. Келеңсіз оқиғаларға жылжымалы құрам иелерінің өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп болған», деп жазылған ИИДМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.   

Былтыр ИИДМ Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері өрт қауіпсіздігінің талаптарына байланысты 100-ден артық ереже бұзу дерегін анықтап, 2 млн теңгеден аса қаражат көлемінде әкімшілік айыппұл салған.