Белгілі әнші Димаш Құдайберген бауырлас түрік еліне көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақ халқына бауырлас Түркия, Сирия және басқа да мемлекеттерде болып жатқан апатты жағдайларды естідім. Бұл жаңалықты күйзеліспен қабылдап отырмыз. Опат болған адамдардың жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Зардап шеккен жандардың сауығып кетуін тілейміз», деді Димаш Құдайберген.
Сондай-ақ ол жеке ән кешінен түскен қаржының бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты.
«Осы тұста әлем бойынша өткізіліп жатқан ән кештерімнен түскен қаражаттың бір бөлігін табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларға көмек ретінде аударамын. Командама тапсырма бердім. Әр отбасыға аманшылық тіледім. Аспанымыз ашық, әлем атты ортақ үйіміз апат пен зілзаладан аман болсын», деп түркі халқының қайғысына ортақтасты.
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ
Малайзияда Қазақстан теннисшілері жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 13:13
Биыл елімізде 18 мың пәтер пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 12:30
Александр Бублик Майами мастерс турнирінде жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 12:12
Үндістанда пиротехника фабрикасындағы жарылыстан 8 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 12:02
Бүгін елордада Қазақстан – Словения матчы өтеді
Спорт • Бүгін, 11:22
Банкноттарын заңсыз айырбастаған әйел Қазақстанға экстрадицияланды
Қоғам • Бүгін, 11:17
Ұқсас жаңалықтар