Сайлау • 08 Ақпан, 2023

Ақын Дәулеткерей Кәпұлы «Ауыл» партиясы атынан сайлауға қатысады

113 рет көрсетілді

«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс XXII съезінде Мәжіліс сайлауына түсетін кандидаттар тізімі бекітілді. Аталған партия атынан ақын Дәулеткерей Кәпұлы сайлауға қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәулеткерей Кәпұлы 1977 жылы 9 тамызда Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы, Баяннуур сұмынында дүниеге келген.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Дарын Мемлекеттік жастар сыйлығының  лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетін, (1995-1999) Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ магистратурасын (2000-2002), докторантурасын (2012-2015) тәмамдаған.

Бұдан бұрын хабарлағандай, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы атынан Парламент Мәжілісі сайлауына 34 үміткер тіркелген. Партиялық тізімде 25 адам, мажоритарлық жүйе бойынша 9 адам сайлауға қатысады. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін таратып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады.

Соңғы жаңалықтар

Татулық мейрамы

Пікір • Кеше

Жансая жарап тұр

Шахмат • Кеше

Жеребе тартылды

Футбол • Кеше

Колмаковтың күмісі

Қысқы спорт • Кеше

Күй күмбірлеген күн

Дәстүр • Кеше

Ең ұзын бойжеткен

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар