18 Маусым, 2014

Еуразиялық экономикалық одақ жанынан көмекші орган құру көзделуде

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
TU03АСТАНА. 18 маусым. Еуразиялық экономикалық одақ аясында әділет министрлері деңгейінде көмекші орган құру жоспарлануда. Бұл туралы i-news.kz хабарлады. Алдағы уақытта Санкт-Петербургте Қазақстан, Беларусь және Ресей әділет министрлерінің үш жақты кездесуі өтеді. Хабарламада көрсетілгендей, кездесуде  Еуразиялық экономикалық одақ сотының қызметін қалыптастыру мен ұйымдастырудың халықаралық-құқықтық негіздерін дайындау, үш елдің әділет министрлері деңгейінде Еуразиялық экономикалық одақтың көмекші органын құру мәселелері талқыға түседі. Жолдыбай Базар. Дереккөз: i-news.kz. Фото: е-history.kz.