Қазақстан • 08 Ақпан, 2023

Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат ресімдеу қағидалары өзгерді

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат ресімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат ресімдеу қағидалары өзгерді

Қазақстанда олармен көші-қон келісімдері бар елдердің азаматтары Қазақстанға ішкі құжаттармен кіре алады, шыға алады, транзитпен өте алады, жүре алады және уақытша елде бола алады. Алайда шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат алуы үшін шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және олардың құқықтық мәртебесін растайтын құжат ретінде шетелдік паспорт қажет.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру үшін 6 қаңтар күні ІІМ-нің  бұйрығымен тұрақты тұруға рұқсаттар  ресімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді шетелдіктерге тұрақты тұруға өтініш берген күні жарамдылық мерзімі кемінде 180 күнтізбелік күнді құрайтын өзінің шетелдік паспортын ұсыну қажет.

«Уақытша тұруға рұқсаттар алу үшін тұрғын үй иесінің, оның атынан сенімхат бойынша әрекет ететін адамның баруы не болмаса меншік иесінің нотариалды расталған келісімі қажет. Өзгерістерге сәйкес рұқсатты ресімдеген кезде көрсетілетін мекенжайда оның тіркеу коды болуы тиіс. Осы шаралар шетелдіктерді жоқ мекенжайларға, сондай-ақ өтініш иесіне қатысы жоқ мекенжайларға тіркеу мүмкіндігін жою мақсатында қабылданды», деп жазылған хабарламада.