18 Маусым, 2014

Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі туралы шарт 1 шілдеге дейін дайын болады

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
armen03АСТАНА. 18 маусым. Еуразиялық экономикалық одаққа Арменияның кіруі жөніндегі құжат 1 шілдеге дейін әзірленеді. Армения Сыртқы істер министрінің орынбасары Шаварш Кочарян осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы BNews.kz хабарлады. Ш.Кочарянның айтуынша, аталған шарт 1 шілдеге дейін қол қоюға ұсынылады. Осыған қатысты мәлімдемелер көптеген жерлерде, соның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында да жарияланған. Жолдыбай Базар. Дереккөз: BNews.kz. Фото: i-news.kz.