Қоғам • 09 Ақпан, 2023

Ақмолалық құтқарушылар Түркияға көмекке аттанды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше 18 ақмолалық құтқарушы Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жоюға аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмолалық құтқарушылар Түркияға көмекке аттанды

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар барлық қажетті құралдармен және керек-жарақтармен жабдықталған. Өңір ТЖД бастығы атап өткендей, басты міндет – үйінділер астында зардап шеккендерді іздеу және басқа да авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.

«Сіздерді бауырлас халыққа барынша көмек көрсетуге аттандырамыз. Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймын. Ең бастысы өздеріңізге сақ болыңыздар. Ақ жол, сапарларыңыз оң болсын және аман-есен оралыңыздар», деді Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.