Ғылым • 09 Ақпан, 2023

Ғалымдар жаңа сақина жүйесін тапты

791 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ғалымдар Күн жүйесінің шетіндегі ергежейлі планетаның айналасынан жаңа сақина жүйесін тапты. Сақина жүйесі басқа жүйелерден қарағанда әлдеқайда алыс айланады. Бұл жаңалықты Шеффилд университеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғалымдар жаңа сақина жүйесін тапты

Сақина жүйесі күнді айналып өтетін Кваоар атты ергежейлі планетаның маңында орналасқан.

Бұл жаңалықты Шеффилд университетінің ғалымдары, халықаралық астрономдар тобы жасаған ең үлкен Grand Canary телескопына орнатылған өте сезімтал, жылдамдығы жоғары HiPERCAM камерасының көмегімен ашқан.  

Сақиналар суретте кішкентай әрі күңгірт болып көрінеді. Зерттеу барысында ғалымдар күннің айналасынан өзгеше көлеңкені байқап, оның жаңа сақина жүйесі екенін анықтаған.Бұшл ретте ғалымдар одан өзге тағы бір сақина жүйесі болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Бұл ретте, Күн айналатын сақина жүйелері салыстырмалы түрде сирек кездесетінін атап өткен жөн. Сатурн, Юпитер, Уран және Нептун алып планеталарының айналасындағы белгілі сақиналардан басқа, басқа екі кішкентай планетада - Шарикло мен Хаумеада осындай сақиналар бар. Бұрын ашылған барлық сақина жүйелері өзі айналатын денеге жақын айналады. Сол арқылы сақина спутниктердің пайда болуына жол бермейді.

Кваоардың айналасындағы сақина жүйесінің ерекшелігі – ол жеті планеталық радиустан астам қашықтықта орналасқан. Бұл «Рош шекарасы» деп аталатын максималды радиустан екі есе көп.

«Күн жүйесіндегі жаңа сақинаның ашылуы күтпеген жаңалық болды. Кваоардан соншалықты алыс қашықтықта орналасқан сақинаның табылуы, тіптен, таңғаларлық. Бұл біздің бұрынғы болжамдарымызды жоққа шығарып, сақиналардың қалай пайда болатыны туралы жаңа теорияның ашылуына алып келуі мүмкін», деді Шеффилд университетінің Физика және астрономия ғылымының профессоры Вик Дхиллон.

Бразилиядағы Рио-де-Жанейро федералды университетінің жетекшілігімен жүргізілген зерттеуге әлемнің түкпір-түкпірінен 59 ғалым қатысқан. Бұл зерттеу мақаласы «Nature» журналында жарияланды.

 

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025