Қаржы • 09 Ақпан, 2023

Доллар 3,23 теңгеге арзандады

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар 3,23 теңгеге арзандады

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,23 теңгеге төмендеп, 452,39 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 9 ақпандағы бір долларға арналған ресми бағамы 455,65 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 450,91 теңгеден сатып алынып, 454,32 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 451,94 теңге, сату – 455,59 теңге.