Қоғам • 09 Ақпан, 2023

Архив – бабалар аманаты

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Архивке барудың да әдебі бар. Мұны бұрнағы жұрт жақ­сы бағамдайды. Ал бүгінгі ұрпақ ше? Қайтсек біз бабадан қалған құнды мирасты бала санасына сіңіре аламыз? Ол үшін не істеу керек? Мұны Астана қаласының мемлекет­тік архивінің мамандарынан сұрау керек шығар. Оқушы­лар­мен бірлесе жұмыс істеген мекеменің оқырманы көп.

Архив – бабалар аманаты

Иә, олай дейтін себебіміз елордадағы Т.Айбергенов атын­дағы №16 мектептің 5-сынып оқушылары «Менің ата-анамның мамандығы» атты бағдарлама аясында қалалық архивпен танысты. Жас оқыр­мандарға архивтің ішкі жұ­мыстары көрсетіліп, тарихи мұрамыздың құндылығы баян­далды.

Іс-шара барысында оқу­шыларға құжаттардың қан­шалықты маңызды екені тү­сіндірілді. Архивті қызыға тамашалаған олар сұрақтар қойып, қызық ақпараттарға қа­нықты. Фотосуреттер арқылы елор­даның ескі келбетін көр­ген балалар таңғалысын жа­сыр­мады. Архивші Ақшол­пан Әлімбаева деректердің сақталу жүйесін айтып берді.

Одан кейін оқушылар құ­жаттарды қайта қал­пына кел­тіру үшін қандай жағ­дай­лар жасалатынын көз­бен көр­ді. Құжаттарды қайта қал­пы­на келтіру қызметі бас­шы­сының орынбасары Ай­гүл Нағашыбекқызынан қысқаша дәріс те алды.

Кездесу соңында Архив жұ­мысы қызметінің басшысы Ардақ Мұқашқызы оқу­шыларға ізгі тілегін білдіріп, мекеменің атынан «Елорда – тәуелсіздік символы» кітабы мен «Arhiv habarşysy» журналын сыйға тартты.