Иә, олай дейтін себебіміз елордадағы Т.Айбергенов атындағы №16 мектептің 5-сынып оқушылары «Менің ата-анамның мамандығы» атты бағдарлама аясында қалалық архивпен танысты. Жас оқырмандарға архивтің ішкі жұмыстары көрсетіліп, тарихи мұрамыздың құндылығы баяндалды.
Іс-шара барысында оқушыларға құжаттардың қаншалықты маңызды екені түсіндірілді. Архивті қызыға тамашалаған олар сұрақтар қойып, қызық ақпараттарға қанықты. Фотосуреттер арқылы елорданың ескі келбетін көрген балалар таңғалысын жасырмады. Архивші Ақшолпан Әлімбаева деректердің сақталу жүйесін айтып берді.
Одан кейін оқушылар құжаттарды қайта қалпына келтіру үшін қандай жағдайлар жасалатынын көзбен көрді. Құжаттарды қайта қалпына келтіру қызметі басшысының орынбасары Айгүл Нағашыбекқызынан қысқаша дәріс те алды.
Кездесу соңында Архив жұмысы қызметінің басшысы Ардақ Мұқашқызы оқушыларға ізгі тілегін білдіріп, мекеменің атынан «Елорда – тәуелсіздік символы» кітабы мен «Arhiv habarşysy» журналын сыйға тартты.