2020 жылдың қазан айында жоғалып кеткен Александр Смирнов аман-есен табылды. 6 ақпан күні ер адамның Ақмола облысы Біржан сал ауданында тұрақтағаны белгілі болды.
«Ер адамның ұзақ уақыт бойы шаруа қожалықтарының бірінде жұмыс істегені, оған қатысты ешқандай күш қолданбағаны анықталды», деп жазылған хабарламада.
Смирнов өз еркімен туыстарымен байланысқа шықпаған. Сонымен қатар ер адам оны сонша көп адам іздеп жүргенін білмеген.
Қазіргі уақытта ер адам Петропавлға барып, отбасымен кездесуді жоспарлап отыр.