Қазақстан • 10 Ақпан, 2023

Мұхтар Тілеуберді АҚШ елшісімен кездесті

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Америка Құрама Штаттарының Елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұхтар Тілеуберді АҚШ елшісімен кездесті

Кездесу барысында тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық әрекеттестік күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ алдағы іс-шаралардың кестесін талқылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары қарқыны қанағатпен атап өтілді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда 2021 жылмен салыстырғанда 37,2%-ға артып, 3,05 млрд АҚШ доллар құрады.

1993 жылдан бері АҚШ-тан Қазақстанға тікелей инвестиция ағынының жалпы көлемі 62 млрд АҚШ доллардан асты. 2022 жылдың алғашқы үш тоқсанында АҚШ-тан Қазақстанға тікелей инвестиция ағынының көлемі алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58,8%-ға ұлғайып, 5 млрд АҚШ доллардан асты.

Сұхбатты қорытындылай келе, тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік өзара мүдделілік бар салаларда одан әрі дамитынына сенім артты.