Ерлер арасында 400 метрге жүгіруде қазақстандық Михаил Литвин күміс жүлдегер атанды. Ол мәреге санаулы метрлер қалғанда катарлық Аммар Исмаил Яхия Ибраһимнен қалып қойды. Қола медаль қытайлық атлетке бұйырды.
Бұл қашықтықтағы тағы бір отандасымыз Вячеслав Земс мәреге жетер тұста құлап қалды.
Қазір Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль бар.