Бокс • 12 Ақпан, 2023

Боксшы Теміртас Жүсіпов Венгриядағы турнирде алтын иеленді

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының былғары қолғап шебері, Қарулы күштердің қызметкері Теміртас Жүсіпов Венгрияның Дебрецен қаласында Иштван Бочкайды еске алуға арналған беделді халықаралық турнирде алтын олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz..

Боксшы Теміртас Жүсіпов Венгриядағы турнирде алтын иеленді

Финалға шыққанға дейін Теміртас Жүсіпов 48 келіге дейін салмақта екі мәрте жеңіске жетті. Оның рингтегі қарсыластары Өзбекстаннан келген боксшы Дониер Бекмуродов және әзербайжандық спортшы Тұрал Сариев болды.

Қырғызстаннан келген боксшы Асылбек Аманқұлұлымен шешуші жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шешімімен Теміртас Жүсіпов жеңімпаз атанды. Осылайша, армия спортшысы халықаралық турнирде Қазақстан ерлер құрамасының құрамында алғашқы алтын медальді жеңіп алды.

Айта кетейік, Теміртас Жүсіпов – Қазақстанның алты дүркін, Азия (2013 жыл) және әлем (2021 жыл) чемпионы.