19 Маусым, 2014

Алматылық дәрігерлерге қосымша 1 млрд. теңге бөлінбек

223 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
7-20Бұл туралы медицина қызметкерлерін кәсіби төл мерекесімен құттықтау салтанатында қала әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті. Шаһар басшысы жуырда бұл мәселенің қалалық мәслихатта қарастырылып, алдын ала Денсау­лық сақтау министрі Салидат Қайыр­бековамен кеңескенін жеткізе келе, денсаулық сақтау жүйесінде тер төгіп жүрген салалық мамандар мен жас мамандарды қолдауға 630 млн. теңге бөлуді жөн деп шешкенін, ал қалған 370 млн. теңге Алғабас ауылында медициналық қызметкерлерге арнап салынатын жатақхана құрылысына жұмсалатынын, сондай-ақ, Әуезов ауданында «Жетісу-3» тұрғын үйінен аумағы 4,7 мың шаршы метрлік емхана ашылатынынан хабардар етті. Алматыда 30 мыңға тарта дәрігерлер еңбек етуде. Бұл дегеніңіз – еліміздегі әрбір 5-ші дәрігер, әр 11-ші медбике Алматыда жұмыс істеп жатыр деген сөз. Қалада соңғы 4 жылда 15 денсаулық сақтау нысаны іске қосылды. 2012 жылдан бастап қаржыландыру көлемі 20 пайызға, 57 млрд. теңгеге артты», – деді А.Есімов. Салтанатты жиында Алматы қала­сында жылдың үздік дәріге­рінің­ есімі мәлім болды. Бұл мәрте­беге­ №5 қалалық клиникалық ауру­ха­на­сының бет-жақ хирургия­сы бөлімі­­нің меңгерушісі, медицина ғылым­дарының кандидаты Амангелді Сейіт­құлов лайық деп табылса, қалалық онкология орталығы бас дәрігерінің орынбасары Оксана Шатков­ская «Үздік менеджер», «Zdrav-Expert» тәуелсіз сарапшылар қауымдас­ты­ғы­ның сарапшы дәрігері Бибіжан Есберген «Жылдың үздік сарапшысы», Орталық клиникалық аурухана­ның дәріхана меңгерушісі Татьяна Тасмағанбетова «Жылдың үздік провизоры», ал, №7 қалалық клиникалық аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері Владимир Мутагиров «Жыл жаңалығы», №6 қалалық ем­ха­на­ның учаскелік мейірбикесі Айна Қа­сым­бекова «Үздік мейіргер» аталым­дары бойынша үздік атанды. Сонымен қатар, Алматыда медицина­лық қыз­мет­керлер күніне орай өткізіл­ген шарада үздік медициналық қызмет­керлерді «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үз­дігі» төсбелгілерімен марапаттады. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».