Бүгінге дейін Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды.
Қайтыс болған 39 адамның, оның ішінде 2 баланың денесі үйінді астынан шығарылды. Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне күніне орта есеппен 35-тен астам зардап шеккен адам медициналық көмекке жүгінеді.
Күн сайын жеке құрамның жылыту пунктіне зардап шеккендердің туыстары мен жақындары, орта есеппен 40-50 адам кіріп жылынады.