Аймақтар • 13 Ақпан, 2023

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған 15 адам сотталды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратураның баспасөз қызметі «QI Trade Kazakhstan» (Qarat Invest) қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты қылмыстық істің тергелу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған 15 адам сотталды

Қадағалау органының мәліметі бойынша, бас кеңсе Алматы қаласында орналасқан, сонымен қатар өңірлерде 12 филиал жұмыс істеген.

«AMAZON жаһандық платформасында (АҚШ) сауда жасауды желеу етіп, сенімгерлік басқару негізінде азаматтар одан әрі пайыздық табыс алу үшін ақша салған. Инвесторларға түскен сумманың 96 пайызына дейін пайда көру уәде етілген», деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар 1345 азаматқа 6 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.

«Прокуратура бас кеңсе және филиал басшыларының, сондай-ақ азаматтарды алдау схемасын жасағандардың кінәсін дәлелдеді. Бостандық аудандық сотының үкімімен 15 адамға бас бостандығынан айырудың нақты мерзімі тағайындалды (6 жылдан 7 жылға дейін)», делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.