Білім • 13 Ақпан, 2023

Қарағандылық оқушылар комикс журнал шығарды

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары «Тарихи хихикаялар» сериясымен комикс журналдарын шығара бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандылық оқушылар комикс журнал шығарды

«Мақсат - тарих пәніне деген қызығушылықты заман өзгерістеріне сай насихаттау. Төменгі сынып оқушылары сурет арқылы ақпаратты тез қабылдайды және аниме, манга жанрына құмар. Мұны кітапханаға комикс сұрап келетін балалардың көптігінен байқап, 11-сыныптың оқушыларына қазақша комикс жасап көруді ұсындым. Олар бірден келісті. Алдымен тақырып таңдап, зерттеп іске кірісіп кетті де көп ұзамай мектеп басшылығының қолдауымен «Қазақ хандығының құрылуы» атты комикс дайын болды», дейді тарих пәнінің мұғалімі Әсем Тарыбаева.

Алғашқы 10 дана журнал мен комикстің электронды нұсқасы мектеп ішінде үлкен сұранысқа ие. Бұл Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында комикс үйірмесінің ашылуына түрткі болды. Қазір мұнда 15 бала жаңа жанрды иегеріп жатыр. Ашылғанына 1 ай болған үйірме қатысушылары «Тарихи хихикаялар» сериясының екінші шығарылымын ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арнап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30