
«Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсетті. Бүгін мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді. Тасымалдау бойынша барлық шығындарды мемлекет өз мойнына алды. Сонымен қатар Pegasus түрік авиакомпаниясымен қаза тапқан ҚР азаматының бірге келген туыстарына 90 пайыздық жеңілдік беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», деп жазылған хабарламада.