Елорда • 13 Ақпан, 2023

Елордалық дәрігерлер ойыншық жұтып қойған екі балаға күрделі ота жасады

325 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өткен аптада №2 қалалық балалар ауруханасында домалақ ойыншықтарды жұтып қойған екі балаға күрделі операция жасалды. Сәбидің бірі небәрі 11 айлық болса, екіншісі – 1 жас 2 айлық, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордалық дәрігерлер ойыншық жұтып қойған екі балаға күрделі ота жасады

Ағзаға түскеннен кейін кейбір шарлардың көлемі өсуі мүмкін. №2 КҚБА шұғыл хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Серік Баймулдин тәжірибе жүргізді. Кешке қарай суға ұқсас шарды салып, таңертең бірнеше есеге үлкейгенін байқайды. Бірақ адам ағзасындағы сұйықтықтар кәдімгі суға қарағанда әлдеқайда өзгеше. Мұндай шарлар денеде қарапайым суға қарағанда қатты ісінуі мүмкін.

Негізінен мұндай шарлар аш ішекке жабысып қалады. Олар асқазанда ісініп, аш ішекке түсіп, бітеп тастайды. Науқаста үздіксіз құсу, денедегі құрғақтық басталады, қызуы көтеріліп, ішек бітеліп қалуы пайда болады.

Дәрігер балаларды мұндай жағдайлардан қорғау үшін қауіпті заттарды назарда ұстауды кеңес береді.

Балалар ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. Бұл жерде ауруды жиі инфекциямен шатастыруына байланысты екі есе қауіп туындайды. Екі бала да құсу белгілерін ескере отырып, алдымен жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Кейін рентген суретіне қарап, ішектің бітеліп қалуы диагнозы қойылды. Бұл ішек некрозына, кейін тіпті адамның өліп кетуіне апаруы мүмкін. Мұндай жағдайларды елемеу және шар нәжіспен бірге шығады деп ойлау дұрыс емес.

«Ата-аналар баланың бір нәрсені жұтып қоюы мүмкін екенін ескермегендіктен, диагноз қою қиындайды, өйткені олар жағдайды өздері білмейді. Адам мұндай кезде белгілер ішек инфекциясына өте ұқсас екенін түсінуі керек. Кішкентай шар аш ішекте тұрып қалғанда нәжістің болмауы байқалады», деді Серік Баймулдин.

Ол балаларға күрделі ауыр ота жасалғанын айтты. Іш қуысын кесу арқылы ағза түгелдей қайта тексерілді.

«Кішкентай науқастардың жағдайында арнайы хирургиялық тактика қолданылды, онда дәрігерлер шарды саусақтарымен жіңішке ішекке қарағанда кеңірек тоқ ішекке «жылжытады». Кейін шарлар нәжіспен бірге табиғи жолмен шықты. Лапаротомия, кең кесу, ішекке ревизия жүргізілді. Алда не болары белгісіз, қолымыздан келгенше жасай береміз. Қолымызда тек сурет пен клиникалық белгілер ғана бар. Мүмкіндігінше ішекті ашпауға және «айдау» тактикасын қолдануға тырысамыз, өйткені ішекті кеспей, зақым келтірмеген дұрыс. Бұл – хирургтың ота кезінде қабылдайтын хирургиялық тактикасы. Мұндай шарды әрі қарай «айдап», нәжістің шығуын күткен дұрыс», деді дәрігер.

Бірақ нәжіс бірден пайда болмайды, өйткені үздіксіз құсу нәтижесінде электролитті баланс бұзылады. Ішек парезі кесірінен оның жұмысы тоқтайды. Алдымен емдеу жоспары түзетіліп, электролиттер толтырылады, өйткені тоқтаусыз құсудан кейін баланың денесінде құрғақтық болады. Операциядан кейінгі екінші күні ғана балалардың жағдайы жақсара бастады.

Ал магниттерді жұту одан да қауіпті – ішектің перфорациясы пайда болады, әртүрлі жерлерде жабысады, онда тесіктер, жаралар пайда болады. Бұл өте қауіпті.

«Егер ата-анасы уақытында ауруханаға келмегенде жағдай мүлдем басқаша болуы мүмкін еді. Мұндай кезде ішектің некрозы (өлуі) пайда болуы мүмкін. Қазір екі бала да қанағаттанарлық жағдайда, емханадан шығуға дайындалып жатыр», деді дәрігер.