Тұлға • 13 Ақпан, 2023

Қайраткер тұлға еді

318 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2023 жылы 13 ақпанда Қазақ­станда геологиялық барлау негізін қалаушылардың бірі, бірқатар мұнай және газ кен орнын алғаш ашқан Қазақстан Республикасы ми­нералды ресурстар акаде­мия­сының мүшесі Орал Ақшола­қов дүниеден озды.

Қайраткер тұлға еді

Орал Ақшолақұлы Ақшолақов 1936 жылы 16 маусымда Гурьев қаласында елдегі алғашқы мұ­най құбыры құ­рылысшысының отбасында дү­ниеге келді. За­манына сай оқып-жетіліп, бар ғұмырын жер қой­науын зерттеу­ге арнады.

Орал Ақшолақұлы 170-тен ас­там ғылыми ма­қала жариялады. Ол аса маңызды – «Қазақстан Рес­публикасының көмірсутек әлеуетінің ғылыми негіз­демесі» атты зерттеу еңбегі үшін 2015 жылы өзге авторлармен бірге Мемле­кеттік сыйлыққа ие болды. Атал­­­ған іргелі еңбектің арқа­­сын­да еліміздегі көмірсутек қо­ры 2012 жылғы деректермен салыс­тыр­ғанда үш есе өсті.

Сонымен қатар Орал Ақшо­лақ­­ұлы ірі мұнай ком­па­ния­ла­ры­мен бірлесіп, саладағы басты бағдар болған Қазақстанда 2040 жылға дейін мұнай өндірудің толық болжамын жасады. Ғалым жер қойнауын пайдалану саласындағы көптеген заңды әзірлеуге де елеулі үлес қосты.

Бүгінде еліміздің түкпір-түк­пірінде Орал Ақшолақовтың ізін жалғаушы шәкірттері, мұ­найшы-геолог мамандар та­быс­ты еңбек етіп жүр. Ол ұс­таз ретінде шәкірттерінің кәсі­би тұр­ғыда ғана емес, жеке тұл­ға ре­­тінде қалыптасуына да сеп­тесті.

Орал Ақшолақұлының ұзақ әрі жемісті еңбек жолында бір­ге қызмет еткен әріптестері оны еңбекқор, ашық мінезді, ақ­жар­қын, өз елінің нағыз патрио­ты деп сипаттайды. Мұнай-газ са­ла­сының мақтанышы болған ға­лым, геолог, қайраткер тұлға, майталман маманның еңбек жолы – дара да даңқты жол.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжы­мы еліміздің мұнай-газ сала­­сының ардақты ардагері Орал Ақшолақұлының өмірден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарының қайғыларына ор­тақтасып көңіл айтады. Мар­құмның жаны жәннатта болып, нұры пейіште шалқысын.

 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжымы