Қоғам • 13 Ақпан, 2023

ЖСДП тізімі талапқа сай

399 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы саяси партиялардың тізімін тіркеуді жалғастырып жатыр. Комиссия мүшелері Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Мәжіліс депутаттығына үміткерлерінің тізімін қабылдап, талапқа сай келетінін мәлімдеді.

ЖСДП тізімі талапқа сай

Мәжіліс сайлауына Жалпы­ұлттық социал-демократиялық партиясы 19 кандидат ұсынды. Оның 31,6 пайызын әйелдер, жас­тар және мүгедектігі бар адамдар (6 адам) құрайды. Осы­лайша, партия заң бойынша белгіленген квотаны сақтап отыр.

«Орталық сайлау комиссиясы мемлекеттік органдармен бірлесіп, тізімге енген кандидаттардың Конс­­ти­туция мен «Сайлау туралы» Конс­титуциялық заңның талап­­тарына сәйкестігін тексерді. Пар­тия­­лық тізімде көрсетілген бар­лық адам Конституцияның және «Сайлау туралы» Консти­туция­лық заңның талаптарына толық­тай сәйкес келеді», деп мәлім­деді ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова.

Сондай-ақ ол аталған пар­тия­­ның Парламент Мәжі­лісі депутат­тарының 6-шақы­рылым­дағы сайлауына қатыспағанын айтты. Сол үшін ЖСДП-ға жарна төлеу міндеттелді. Айта кетейік, ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшері 1 050 000 (15х70 000) теңгені құрайды.

«ЖСДП «Сайлау туралы» заңның 88-бабына сәйкес партия тізімін тіркеу үшін ОСК шотына сайлау жарнасын төлеуі қажет. Жарна сомасы ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерін құрайды. Ол  партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін жеке енгізілуге тиіс. Қазір ЖСДП сайлау жарнасын толық көлемде төледі», деді Анастасия Щегорцова.

Жалпыұлттық социал-демо­­кратиялық партиясы өзін оппо­зициялық партия ретінде танытып, бұған дейін өткізілген Мәжіліс сайлауына қатысудан бас тартқан еді. Десе де, «бұл уақыт аралығында ел назарынан тыс қалып, тарап кеткен жоқпыз», дейді партия өкілдері.

«Біз осы жолы сайлауға қа­ты­са­­мыз деп шешім қабыл­да­дық. С­е­німіміз зор. 19 кан­ди­­даты­мыз­дың барлығы депу­тат болу­ға лайықты. Халыққа да жақ­сы таныс. Осы­ған дейінгі сай­лауға қатыс­пағанымыздың бір­неше себебі бар. Біз сайлау заңы­на өзгеріс енгізу қаже­тін айт­қан едік. Қазіргі мажо­ри­тарлық жүйені енгізу, партиялық тіркеу мөл­шер­­лемесін азайту, кандидаттар үлесін­дегі әйелдер санының басым болуы секілді мәселені айтып, көтерген едік. Халықаралық ұйым­ның мүшесіміз, сайлауда бекітіл­ген 30 пайыздық үлесті біз бұрын­нан айтып келе жатырмыз. Айт­қан мәселеміз, талабымыз жүз па­йыз болмаса да орындалып келеді», деді ЖСДП тізімі бо­йынша де­пу­таттыққа кандидат Мақсұт Насибулов.