Сайлау • 13 Ақпан, 2023

Шетелдік байқаушылар қатары толықты

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына 12 шетелдік байқаушыны тіркеді.

Шетелдік байқаушылар қатары толықты

Орталық сайлау комис­сия­сы­ның хатшысы Мұхтар Ерманның мә­лімдемесі бойынша халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 3 шет мемлекеттен, 2 халықаралық ұйым­нан 62 байқаушы ресми тіркеуден өткізілген. Бүгінгі таңда жаңадан 3 шет мемлекет пен 2 халықаралық ұйым­нан 12, оның ішінде Корея Респуб­ликасынан – 1, Қырғызстаннан – 1, ТМД-ның байқаушылар миссиясынан – 7, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды байқау жөніндегі миссиясынан 2 байқаушы аккредиттелді. 

«Сонымен қатар 10 ақпанда Орталық сайлау комиссиясына 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Мәжіліс депутат­тарының кезектен тыс сайлауына тіркеуден өткен ДИАҚБ мис­сиясының 2 мүшесі байқауға қатыса алмайтындығын мәлім­деп, бізге Сыртқы істер министр­лігінен олар­ды тізімнен алып тастау туралы ұсы­ным келіп түсті. Осыған байла­нысты ДИАҚБ миссиясының 2 байқау­шы­сының тіркелуін кері қайтарып алу туындап отыр», деді комиссия оты­­ры­сында Орталық сайлау комис­сия­сының хатшысы Мұхтар Ерман.

Сайлау комиссиясы ұсы­нылған байқаушыларды тіркеу және 2 бай­қаушының тіркелуін қайтарып алу туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.