«Еуропа Түркия мен Сирия халықтарын қолдайтынын атап өткім келеді. Біздің азаматтық қорғау тетігіміз іске қосылды, көмек жеткізіліп жатыр, одан әрі де көмектесуге дайынбыз», деді Еуропарламент спикері Роберта Метвола.
Гуманитарлық ұйымдардың бағалауы бойынша, миллиондаған адам шұғыл көмекке мұқтаж. Бұл мәселе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы мен Еуропарламенттің арнайы сессиясының тақырыбына айналды.
Ресми мәліметтерге сәйкес, тек Түркияда жүз мыңнан астам ғимарат ішінара немесе толығымен қираған. Мыңдаған адам әлі де үйінді астында қалуы мүмкін.