Елорда • 14 Ақпан, 2023

Жыл басынан бері елордада 11 өрт болды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері елордада өртті абайсыз пайдалану себебінен 11 өрт болды, деп хабрлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бері елордада 11 өрт болды

12 ақпанда сағат 16:35-те елордалық өрт сөндірушілер Балқаш көшесі, 11 мекенжайына шықты.

Елордалық ТЖД 16 адам және 3 бірлік техникамен келіп өртті сөндірді. Өрт кезінде улы газдан уланған 1957 жылы туған әйел ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде өрт сағат 17:46-да жойылды.