Қоғам • 14 Ақпан, 2023

Биыл магистральдық газ құбырларына жөндеу жүргізіледі

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қостанай қаласына жұмыс сапарымен барып, өңір тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл магистральдық газ құбырларына жөндеу жүргізіледі

Вице-министр жылу және электр энергиясымен қамту мәселелеріне тоқталып, магистральдық газ құбырлары жазда жөнделетінін айтты. Оның айтуынша, бұл жұмыстарға арнайы инвестициялар тарту үшін жаңа бағдарламалар әзірленіп жатыр.

Айта кетсек, өңірлерді толық газбен қамтамасыз ету үшін Президент газ құбырларын тартуға арнайы тапсырма берген. Осыған сәйкес, алдағы уақытта газ құбырлары тартылып, біршамасы жөндеуден өтеді.