Білім • 14 Ақпан, 2023

Студенттерді лицензиясыз оқытқан колледжер анықталды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Студенттерді лицензиясыз оқытқан колледжер анықталды

Комитет ұсынған деректерге сәйкес, биыл еліміздің 520 колледжі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Бақылау іс-шаралары басталар алдында олардың әрқайсысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Мемлекеттік аттестаттауды өткізу лицензиясыз білім беру қызметімен айналысатын колледждерді анықтауға ықпал етті. Бұл - Қостанай облысының Денисов кәсіптік-техникалық колледжі, Қарағанды облысының А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі, Теміртау жоғары политехникалық колледжі, Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі», деп нақтылады комитет төрағасы Ернұр Дауенов.

Сонымен қатар 315 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 198-і аттестаттаудан өтпеген. Олардың негізгілері Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары мен Жетісу облыстарында орналасқан.

Аттестаттаудан өтпеудің негізгі себептері - ТжКБ ұйымдары әзірлейтін білім беру бағдарламаларының, оқытушылардың сапалы құрамының МЖМБС талаптарына сәйкес келмеуі.

Бұдан басқа, өндірістік оқытуды жоспарлау мен өткізудегі, оқыту нәтижелерінің жетістіктерін бағалаудағы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін жеке оқу бағдарламалары мен жоспарларын дайындаудағы бұзушылықтар анықталды.

Бұл ретте Астана және Алматы қалаларының, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарының колледждері жақсы нәтиже көрсетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025