«Азаматтық қорғау жүйесі үнемі жаңғыртуды қажет етеді. Бүгінде озық әлемдік тәжірибені үлгі ету, заманауи технологияларды енгізу өте маңызды. Құтқарушыларды сапалы даярлауға ерекше назар аудару қажет. Бұл мәселеде, әрине, командирлер мен оқытушылар негізгі рөл атқарады. Осы ретте оқу жағдайы үлкен маңызға ие», деді Президент.
Айта кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Академияның материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелерін пысықтап жатыр. Жатақхана мен оқу корпусын салу жоспарланған.
«Жалпы, мемлекет еңбекақыны арттыру және құтқарушылардың әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз етілуін жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдап жатыр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.