«Академия – еліміздегі кәсіби құтқарушылар даярлайтын бірден-бір оқу орны. Оны ширек ғасыр ішінде 6 мыңға жуық маман бітіріп шықты. Академия түлектері барлық облыста еңбек етіп жүр. Олар Отан алдындағы борышын адал атқарып келеді», деді Президент.
Бұдан соң, ол күзде еліміздің бірнеше аймағы алапат өрттен зардап шеккенін еске алды. Мұндай сын сағатта тұрғындарға алдымен құтқарушылар көмекке келетінін сөз етті.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына барды.