Бүгін Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласындағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына барып, курсанттармен әңгімелесті.
«Азаматтық қорғау жүйесі тұрақты жаңғыртуды қажет етеді. Бүгінгі таңда озық әлемдік тәжірибені қабылдап, заманауи технологияларды енгізу өте маңызды. Құтқарушыларды сапалы дайындауға ерекше назар аудару керек. Бұл мәселеде, әрине, командирлер мен ұстаздар басты рөл атқарады. Бұл ретте оқу жағдайларының маңызы зор. Менің тапсырмам бойынша Үкімет Академияның материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы мемлекет құтқарушылардың еңбекақысын арттыру және әлеуметтік қамсыздандыруды жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатыр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің тапсырмасы бойынша 2023 жылы құтқарушылардың жалақысын 10 пайыздан 70 пайызға дейін арттыру қарастырылған.