Бұған дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері табиғи апат орын алған сәтте бір күндік жалақысын аударса, Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың бастамасымен жиналған қаражат 40 млн теңгені құрайды.
Оған қоса, көшбасшы университет арнайыгуманитарлық көмек беру орталығын ашты.
Жәрдем қабылдау пунктінде еріктілер қолдауымен киіз үйлер, көрпе-жастықтар, қалың төсеніштер, карематтар, ересектер мен балалар киімдері жиналды. Сонымен қатар қол шамдары, генераторлар, термостар мен жылыту пештері тапсырылуда.
Жөнелтілетін жүк арнайы рейспен жуық арада жіберіледі.